«Қаржы» ББ студенттерінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдерімен кездесуі

2025 жылғы 5 маусымда «Bolashaq» Академиясында «Қаржы» білім беру бағдарламасының бітіруші курс студенттерінің Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Адам ресурстары басқармасының жетекші маманы Әсел Ермекқызы Тілегеновамен және Қазыбек би атындағы аудан бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастыру-әкімшілік бөлімінің бас маманы Ольга Геннадьевна Андреевамен кездесуі өтті.

Студенттерге Мемлекеттік кірістер органдарында жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, іріктеуден өту шарттары, мансаптық перспективалар және департаменттің аумақтық бөлімшелері жұмысының ерекшеліктері туралы өзекті ақпарат ұсынылды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды, сондай-ақ одан әрі жұмысқа орналасу үшін конкурстық рәсімдерге қатысудың негізгі ережелері туралы жадынама алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.