
2025 жылдың 10 ақпанында “Педагогика” кафедрасының эдвайзерлері С.С. Шутенова мен А. М. Тәжинин “”Педагогика және Психология”, “Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттерімен “Қарағанды қаласы күніне” арналған ашық кураторлық сағат өткізді
Бұл іс-шараның мақсаттары:
Студенттердің туған қаласына деген қызығушылығын ояту.
1. Жаңа ақпаратты өз бетінше зерттеуге және айтуға, қаланың көрікті жерлерін суреттер мен фотосуреттерден білуге үйрету.
2.Сыни ойлауды, есте сақтауды, тыңдау қабілетін дамыту.
3.Патриотизмге, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Кураторлық сағат барысында эдвайзерлер студенттермен қаламыздың тарихы, Қарағандының көрікті жерлері, оның жетістіктері туралы әңгімелесті.
Соңында, қаламыздың өмірі мен дамуының әртүрлі аспектілерін қарастыра отырып, ПМНО-24-1 тобының студенті Надежда Алюшенко студенттермен Қарағандыға арналған тақырыптық викторина өткізді, осы викторинада келесі сұрақтар қолданылды:
- Қарағанды қай жылы пайда болды?
- Қарағанды көмір бассейнін әзірлеу қандай геологтың атымен байланысты?
- “Металлургтер” монументі қай қалада орнатылған?
- Орталық Қазақстандағы марганец пен темір рудасының ірі кен орындарын кім ашқан?
- Қарағанды облысының жазушыларының, ақындарының, мәдениет, ғылым, білім қайраткерлерінің шығармаларын қамтитын ауқымды кітап сериясы қалай аталады?

Викторина соңында топтардың эдвайзерлері Сабира Сартайқызы мен Азат Мырзабекұлы студенттерге белсенді қатысқандары үшін алғыс айтып, аталған іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

Педагогика кафедрасының аға оқытушылары Сабира Сартайқызы
Азат Мырзабекұлы