Қарағандыда Жұмыс мамандықтары жылы аясында уәкілетті органдардың өкілдері еңбек ұжымдарымен ақпараттық-түсіндіру кездесулерін бастады.





Бүгін, 4 сәуірде «BOLASHAQ» Академиясының студенттерімен Қарағанды қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасы, «Отбасы банк» АҚ облыстық филиалы, Қарағанды қаласының полиция басқармасы және Мансап орталығы өкілдерінің кездесуі өтті.

Жұмыс мамандықтары жылы шеңберіндегі мұндай кездесулер кадрлық әлеуетті дамытуды, мамандардың біліктілігін арттыруды және еңбек жағдайларын жақсартуды талқылау үшін ерекше маңызға ие болады.


Кездесу барысында жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек жағдайлары, интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл және ақпараттық гигиена мәселелері талқыланды. Еңбек заңнамасын сақтауға, еңбекті қорғауға және қызметкерлерді әлеуметтік қолдауға ерекше назар аударылды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға және өзекті тақырыптар бойынша түсініктемелер алуға мүмкіндік алды.
