“AMANAT” партиясы жанындағы “Жастар Рухы” ЖҚ Қарағанды  облыстық филиалының XXII есеп беру конференциясы

17 ақпанда АМANАТ» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» ЖҚ Қарағанды облыстық филиалының кезектен тыс XXll есеп беру-сайлау конференциясы өтіп, жаңа төрағасы сайланды.

🔰 Конференцияның келесі күн тәртібінде қарастырылды:

 1. «Жастар Рухы» Жастар канатының Қарағанды облыстық, филиалының атқарған жұмысы туралы;

 2. «Жастар Рухы» Жастар қанатының Қарағанды облыстық, филиалының төрағасы сайлау туралы;

 🔰 Іс- шараға “Bolashaq” Академиясының 10 белсенді студенті және «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы Ақерке Искандерова,«АМANАТ» партиясы Қарағанды облыстық, филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков, «Жастар Рухы» ЖҚ төраға орынбасары Ержан Хамитов, «АМАNАТ» партиясы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі облыстық кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Асқар Оразбеков, «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы Айсулу Ерниязова, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары, «Жастар Рухы» ЖҚ Қарағанды облыстық белсенділері қатысты.

⚜️Конференция барысында филиалдың 2019-2025 жылдағы атқарған жұмыстары туралы Ержан Хамитов есеп берді.

Филиал төрағасы қызметіне Арафат Мажитовтың кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан қолдау тапты!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.