2025 жылғы 4 наурызда “Bolashaq” Академиясында Ректор Аданов Қуанышбек Бұланұлы Громов Валерий Леонидовичпен кездесті.

Громов Валерий Леонидович – спорт және білім саласындағы көрнекті қайраткер, кәсіби тәжірибесі мол адам. Ол әр жылдары дене шынықтыру техникумының оқытушысы, балалар спорт мектебінің директоры, Нұркен Әбдіров атындағы спорт комбинатының, “Шахтер” спорт клубының директоры, сондай-ақ облыстық спорт басқармасының басшысы қызметтерін атқарды. “Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы” және “Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері” атақтарының иегері.

Кездесу барысында студенттік спортты дамыту, білім алушылардың дене шынықтыру дайындығын арттыру, сондай-ақ өңірдің жетекші спорт ұйымдарымен және Қарағанды облысының барлық қайраткерлерімен бірлесе отырып атқарылатын өзара іс-қимыл перспективаларына қатысты маңызды мәселелер талқыланды.

Академияның құрметті қонағы басталған спартакиаданың барлық қатысушыларына табыс, зор денсаулық, оқуда алғырлық пен спорттық жеңістер тіледі!
