27.02.205ж. «Bolashaq» академиясының ректоры Аданов Қуанышбек Бұланұлы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұжымымен кездесті.

Бұл кездесудің мақсаты: академиядағы алдыңғы қатарлы кафедра өкілдерімен арнайы жүздесіп, ашық пікірлесу, алдағы уақытта жүргізілетін жұмыстардың жоспарын талқылап, ұсыныс-тілектерін тыңдау және академияның, кафедраның дамуына байланысты жаңа бастамаларды қарастыру болды.


Бұл кездесуге кафедра ұжымы толық қатысып өз ойларын, талап-тілектерін ашық айтты және алдағы уақытта академия басшылығымен атқарылатын әрбір іске профессорлық-оқытушылар құрамы қолдау білдіретіндіктерін, жаңа бастамаларға барынша атсалысатындықтарын жеткізді.


Кафедраның аға буыны өз сөздерінде ризашылықтарын білдіріп, академияның оқу бағдарламалары мен зерттеу жұмыстарын жаңғырту, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін бірге талқылап, алдағы жұмыс барысы туралы өз ойларын ортаға салды. Әрине, осындай білікті профессорлардың пікірлері мен ұсыныстары жоғары білім саласындағы маңызды өзгерістерге негіз болары сөзсіз.

Кездесу академияның стратегиялық даму жөніндегі проректоры А.М.Жакулаевпен жеке сұқбаттасуға ұласты. Проректор кафедраның көптеген шешусіз келе жатқан мәселелерін барынша көңіл бөліп тыңдап, қолдау білдірді және алдағы уақытта жүргізілетін іс-шаралармен таныстырып өтті.

Өткізілген кездесу кафедра үшін өте маңызды болды. Алдағы уақытта болатын осындай бас қосулар білім беру саласында жаңа жетістіктерге жетуге, кафедраның жұмысының жандануына көп мүмкіндік тудыратыны сөзсіз.
Кафедра ұжымы академия басшылығына өз ризашылықтарын білдірді.