Аймақтық байқау жеңімпазы

2024 жылдың 6 мамырында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде  Ұлы Жеңіс күніне және Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 толуына орай өткен аймақтық патриоттық мәнерлеп оқу байқауына Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Б.А.Абылбаеваның жетекшілігімен   Шет тілі: екі шет тілі мамандығының 1-курс студенті Науменко Полина қатысып,1-орын иеленді.


Байқаудың мақсаты:
– Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерліктеріне тағзым ету, ерліктерін мәңгілік есте сақтау;
– Патриоттық тәрбие беру;
– Елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу;
– Патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқу шеберлігін арттыру.



Байқаудың жеңімпаздары ақшалай жүлдемен және дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар аймақтық патриоттық мәнерлеп оқу байқауына студенттерді дайындап, жетекшілік жасағаны үшін Б.А.Абылбаева  Алғыс хатпен марапатталды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.