8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Академияда салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік кештің басты мақсаты – білім мен тәрбие саласында табысты еңбек етіп жүрген нәзік жанды ұстаздар мен қызметкерлерге құрмет көрсету, олардың қоғамдағы рөлін айшықтау болды.

Іс-шара барысында Академия ректоры Қ.Б. Аданов құттықтау сөз сөйлеп, барша әйелдер қауымын көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде білім беру ісінде аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар мен қызметкерлердің еңбегіне жоғары баға беріп, олардың кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігінің арқасында жас ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беріліп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ректор әріптестеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, еңбектеріне толағай табыс тіледі. Сондай-ақ, Академияның дамуына үлес қосып жүрген нәзік жанды қызметкерлер алғыс хатпен марапатталды.

Бұдан әрі мерекелік кеш мазмұнды концерттік бағдарламаға ұласты. Концерт барысында Академия студенттері мен өнерпаздары әсем әндер шырқап, әсерлі би қойылымдарын ұсынып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, түрлі шығармашылық нөмірлер мен жүрекжарды құттықтаулар кештің сәнін келтірді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.