“Bolashaq” академиясы көрсететін білім беру қызметтері туралы ақпараттандыру мақсатында кәсіби бағдар беру жұмысы шеңберінде 2021 жылғы 24 мамырда ZOOM платформасында Педагогика және психология кафедрасының өкілдері Шутенова С.С., Байбекова В.А. Қарағанды қаласының №76 ЖОМ мектеп түлектерімен кездесу ұйымдастырды.
Қатысушылар “Bolashaq” академиясы туралы бейнероликті қызығушылықпен қабылдады. Содан кейін оқытушылар түлектерді талапкерлерді қабылдау ережелерімен және Академияның күндізгі бөліміндегі оқу шарттарымен таныстырды, түлектердің оқу құны мен ұзақтығы, магистратурада оқуды жалғастыру мүмкіндігі, бюджеттік орындардың болуы және т. б. туралы сұрақтарына жауап берді.
Сабира Сартайқызы мен Венера Әлімқұлқызы мектеп түлектеріне Академияның бакалавриатында және магистратурасында қандай білім беру бағдарламаларында оқуға болатындығы, алған білімдері қандай мүмкіндіктер ашатыны, алған дағдылары еңбек нарығында қаншалықты сұранысқа ие екендігі туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Оқушыларға Академияның материалдық-техникалық базасы, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және алыс шетелдің басқа да жоғары оқу орындарымен байланысы, шетелде білім беру гранттарын алу үшін конкурстарға қатысу мүмкіндіктері туралы айтылды. Студенттердің бос уақытын ғылыми зерттеулермен, вокалмен, билермен айналысып, театрлық қойылымдарға, түрлі шығармашылық конкурстарға қатысып, қаншалықты қызықты өткізетіні туралы айтып берді.
11 сынып оқушыларын жоғары оқу орнына түсудің жаңа ережелері туралы хабардар етті, сондай-ақ оқу үшін жеңілдіктер мен ақы төлеу шарттары туралы айтты.
Студенттерге оқу бағыттары бойынша буклеттер, бейнематериалдар және “ЛиМоНаД”газеті көрсетілді.
Педагогика және психология кафедрасының магистрлері, аға оқытушылары С.С. Шутенова, В.А. Байбекова