2023 жылғы 10 қазанда Қарағанды қаласының №23 жалпы білім беретін мектебінде 2023-2024 оқу жылына арналған “6В01301-Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламасы филиалының жұмысы бойынша отырыс өтті. Отырысқа филиал жұмысына жауаптылар Сарбасова Қалимаш Амангелдіқызы, №23 жалпы білім беретін мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлмира Мұратқызы, директордың бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Әйгерім Оразалқызы Қасембаева және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Отырыста биылғы оқу жылында атқарылған жұмыстар туралы айтылды. А.О. Қасембаева: “”Білікті кадрларды даярлаудың маңыздылығына байланысты дуальды білім беру жүйесі, дуальды оқыту жүйесінің жобасы – мектеп пен ЖОО арасындағы байланыс қажеттілік”, – деп атап өтті. Бастауыш сынып мұғалімдері И.Т. Бакирова, Г. А. Сейсенбаева, Г. К. Лапиева дуалды білім берудің маңыздылығына ерекше тоқтала отырып, студенттер өз жұмысына өте жауапкершілікпен қарайтынын атап өтті. Дуальды білім беру жүйесі-дәстүрлі жүйе сияқты, болашақ мамандарды нақты қызметке, тек оқу орнында ғана емес, сонымен қатар өндірістік кәсіпорындарда да дайындаумен сипатталады. Диплом алғаннан кейін болашақ маман сол өндірістерде тұрақты негізде жұмысын жалғастыруға мүмкіндік алады.
Филиалдың жұмысына жауапты К. А. Сарбасова: “Біздің кафедрада екі жылдан бері “6В01301 – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламасы бойынша дуалды жүйе енгізілді, алғашқы тәжірибе жолға қойылды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдері тәжірибе жинай алады, тәжірибе барысында сабақ өткізеді және сабақтан тыс жұмыстарды жүргізуге көмектеседі. Өткен оқу жылында филиалда біраз жұмыс атқарылды.
Биылғы оқу жылында біз жоспар бойынша бірқатар жұмыстар жүргізуді жоспарлап отырмыз. Біздің студенттер оқу және практикалық жұмысты біріктіру үшін осы мектептегі көптеген іс-шараларға қатысады.
Ынтымақтастықтың бұл түрі кадрларды даярлау жүйесін жақсартып қана қоймай, мұғалімдер мен оқытушыларға “теория” мен “практика”арасындағы байланыстың жаңа түрін жасауға мүмкіндік береді.”, деп, дуальды жүйе жөніндегі өзінің оң пікірін білдірді.
“Педагогика” кафедрасының аға оқытушысы К.А. Сарбасова