6 шілдеде Қазақстанда “Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы” Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 25 маусымдағы № 47 – IV Заңына толықтыру енгізу туралы” ҚР Заңымен белгіленген мемлекеттік мереке-Астана күні (Астана күні) атап өтіледі.
Астананы Алматыдан Қазақстанның орталығына көшіру “Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы” ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 6 шілдедегі № 106-XIII қаулысымен анықталған болатын (сондықтан да 6 шілде Астана күні болып саналады). Астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы түпкілікті шешімді ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы қабылдады және ҚР Президентінің 1997 жылғы 20 қазандағы № 3700 Жарлығымен 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.
1998 жылғы 6 мамырда ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының елордасы – Ақмола қаласын Астана қаласын – Астана деп қайта атау туралы” 1998 жылғы 6 мамырдағы № 3941 Жарлығымен қайта Астана аталды.
1998 жылғы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері өтті. Қала астана мәртебесін алған сәттен бастап Астана күні 10 маусымда атап өтілді. 2006 жылы Астана күні 6 шілдеге ауыстырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың наурыз айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының елордасы Астана атауын Нұр-сұлтан деп өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды.