2024 жылғы 23 ақпанда “Bolashaq” Академиясында “Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері” атты дәстүрлі, жыл сайынғы республикалық ғылыми-практикалық конференция (халықаралық қатысумен) өтті.
“Жастар және қазіргі заманның жаһандық мәселелері” конференциясының негізгі мақсаты – студенттердің, магистранттардың, докторанттар мен жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін дамыту, оларды қазіргі ғылымның өзекті мәселелерін шешуге тарту, бірыңғай халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігін сақтау және дамыту, байланыс орнату.
Конференция жұмысы заманауи іргелі және қолданбалы ғылымның негізгі бағыттарын көрсететін 8 секция бойынша өтті.
Педагогика кафедрасының № 3 – “Үздіксіз білім беру жағдайында тұлғаны тәрбиелеу, оқыту және дамыту процестерін ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер” секциясында студенттердің 8 баяндамасы тыңдалды.
Секция жұмысы онлайн және офлайн режимінде ұйымдастырылды.




Құзыретті қазылар алқасының пікірінше, барлығының арасында баяндамашылардың келесі кезегі ерекше көзге түсті:
Ошақбаева Д. А.,”Bolashaq” Академиясы, Қарағанды, Қазақстан Республикасы
Қазақстанда білім беру жүйесінің қалыптасуында үлкен рөл атқарған А.Байтұрсыновтың ғылыми, педагогикалық және қоғамдық қызметі

2.Лундина Н. Н., “Bolashaq” Академиясы, Қарағанды, Қазақстан Республикасы
Эмоционалды интеллект пен сыни ойлауды қалыптастырудың заманауи мәселелері
- Әбіш Т., “Bolashaq” Академиясы, Қарағанды, Қазақстан Республикасы
Мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың қызметін ұйымдастыруда техникалық құралдарды пайдалану проблемаларының теориялық негіздемесі.
4 Бөкен А., «Bolashaq» Академиясы, Қарағанды, Қазақстан Республикасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салудың дәстүрлі емес әдістерінің негіздері


Баяндама жасаған барлық студенттер 1, 2, 3 орындарға қатысушылардың сертификаттарын алды.
Жұмысты қорытындылай келе, секция төрағасы п.ғ.к., доцент Г.К. Бокижанова өзінің қорытынды сөзінде студенттерге және олардың ғылыми жетекшілеріне мазмұны бойынша өзекті баяндамалары үшін және студенттердің ғылыми-зерттеу құзыреттілігін арттыру мақсатында одан әрі жүйелі зерттеулер процесіне тартатын “жанды” қызығушылығы үшін алғысын білдірді.

Педагогика кафедрасы студенттерді лайықты марапаттарымен құттықтайды және одан әрі ғылыми жетістіктер тілейді !