«Bolashaq» Академиясының тұрақты дамуына бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою

Бүгін «Bolashaq» Академиясы мен Қарағанды қаласындағы TOEFL-дің ресми серіктестері «Dream Way» білім беру ұйымы арасында білім беру, ғылыми және практикалық салалардағы өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Стейкхолдерлермен ынтымақтастық – жоғары оқу орнының тұрақты дамуының негізі. Осы мақсатта «Bolashaq» Академиясы жұмыс берушілермен, мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, түлектермен және халықаралық серіктестермен әріптестік байланыстарды жүйелі түрде дамытып келеді.

Стейкхолдерлермен тиімді өзара іс-қимыл және ашық диалог білім беру сапасын арттыруға, бәсекеге қабілетті түлектерді даярлауға, еңбек нарығының талаптарын ескере отырып білім беру бағдарламаларын жаңартуға, тәжірибелер мен тағылымдамаларды ұйымдастыруға, сондай-ақ түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін көтеруге ықпал етеді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.