31 Мамырда “Bolashaq” Академиясында Словакия Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Любомир Регак және Словакия Республикасының Қазақстан Республикасындағы және Қырғызстан республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Роберт Кирнаг болып қайтты. Іс-шара Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті.
Академия ректоры Г.М. Рысмағамбетова ЖОО туралы, оның қалыптасу тарихы туралы айтып, қонақтарды “Карлаг: болашақ үшін естелік” жобасымен таныстырды. Жоба аясында жарық көрген кітаптардың көрмесі ұсынылды.
Словакия Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Любомир Регак “Тарих пен саясаттың байланысы – Шығыстағы словактар мен чехтар тарихының штрихтары” тақырыбында дәріс оқыды. Ол бірінші дүниежүзілік соғыс, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Словакия Республикасының тарихы туралы егжей-тегжейлі айтып, маңызды тарихи оқиғаларды және олардың қазіргі словак қоғамының қалыптасуына әсерін атап өтті. Оның баяндамасы тарихи фактілерге толы болды, бұл қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.
Словакия Республикасының Қазақстан Республикасындағы және Қырғызстан республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Роберт Кирнаг Қазақстан мен Словакия арасындағы халықаралық қатынастар туралы айтып берді. Ол экономика, мәдениет және білім салаларында екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Роберт Кирнаг сонымен қатар елдер арасындағы қатынастарды одан әрі дамыту перспективаларын атап өтіп, олардың біздің мемлекеттеріміз үшін маңыздылығын айтты.
Қатысушылар осы мүмкіндікті пайдаланып, өздерін қызықтыратын: гранттар туралы, қос дипломды білім туралы, Словакияның көрікті жерлері туралы және басқа да сұрақтарын қойды.