
2023 жылғы 11 мамырда “Bolashaq” Академиясы педагогика кафедрасының өкілдері С.С. Шутенова мен А.М. Тәжинин Ақтас кенті № 13 ЖББМ-нің 10 және 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмысы аясында кездесу өткізді.

Кездесу барысында “Bolashaq” Академиясының негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, оқыту нысандары, оқу ақысын төлеу жүйесі туралы ақпарат ұсынылды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.

