1 курс студенттерімен кездесу

14 қыркүйек күні “Bolashaq” Академиясында 1 курс студенттерінің Жастар ісі жөніндегі комитеті мен студенттік өзін-өзі басқару ұйымымен таныстыру жиыны өтті.Жиында студенттер Жастар ісі жөніндегі комитетінің жоспарымен танысып,алдағы уақытта өтетін іс шаралардан хабардар болды.Кездесу барысында Академияда жұмыс істейтін әр түрлі клубтардың басшылары өз жоспарларымен таныстырып,студенттердің қызығушылығын арттыруға тырысты.Жиын соңында студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері 1 курс студенттеріне Академияның қоғамдық өміріне белсене араласуына және алдағы студенттік өмірлеріне сәттілік тіледі.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.