ҚЭУ- де “Қазіргі жастар: инновацияларды құру-болашаққа ұмтылу” Халықаралық студенттер слеті

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті 2020 жылдың 9-10 сәуірінде “Қазіргі жастар: инновациялар құру – болашаққа ұмтылу” атты Халықаралық студенттер слетін өткізеді.

Слеттің мақсаты: студенттік ғылымды дамыту, талантты жастарды анықтау және қолдау.

Слеттің міндеттері:

әр түрлі елдердің студент жастары арасындағы коммуникативтік байланыстарды арттыру;
жоғары оқу орнының инновациялық ортасын жетілдіру;
студенттік ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобалар базасын қалыптастыру және кеңейту;
ғылыми-зерттеу қызметі, бизнес және мемлекеттік құрылымдар арасындағы байланыстарды кеңейту және тереңдету.
Халықаралық студенттер слетінің бағдарламасы мыналарды қамтиды:

“Startup: modern youth projects”инновациялық жобалар конкурс-көрмесі.
Докторанттар, магистранттар мен студенттердің Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы: “Жастар және ғылым: жаңа көзқарас және даму диалектикасы”.
Бизнес-тренингтер:
“Кәсіпкер жолы” Мастер-класс;
Ғылыми бизнес-тренинг:”қазіргі жағдайда бизнесті ашу және жүргізу”;
Ғылыми семинар-тренинг:”Визуализация және шығармашылық ойлау”.
“Шекарасыз Достық”мәдени-ойын-сауық іс-шаралары.
Халықаралық студенттер слеті келесі бағыттарды қамтиды:

әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: философия, әлеуметтану, конфликтология, дінтану, филология, тарих, педагогика, психология, саясаттану, құқықтану және халықаралық қатынастар;
экономикалық ғылымдар және кәсіпкерлік: экономика, менеджмент, қаржы, есеп, маркетинг, бизнес, қызметтер, қонақжайлылық және туризм индустриясы, логистика, мемлекеттік және жергілікті басқару, экология, халық шаруашылығын басқару;
техникалық ғылымдар: ақпараттық технологиялар, математикалық және физикалық модельдеу, өндірістің физикалық-техникалық және химиялық процестері, энергетика, өндірісті ұйымдастыру және өнім технологиясы, стандарттау және сертификаттау.
“Жастар және ғылым: жаңа көзқарас және даму диалектикасы” ғылыми конференциясының секциялары:

  1. Даму басымдықтары және ұлттық экономиканың өсуінің жаңа көздері.
  2. Рухани Жаңғыру төртінші өнеркәсіптік революцияның рухани негізі ретінде.
  3. Цифрлық дәуірдегі жастар және құқық.
  4. Қазіргі жағдайда ұлттық және шет тілдерін дамыту.
  5. Әлемдік экономиканың қазіргі мәселелері.
  6. Өндіріс пен білім берудегі цифрлық технологиялар. Industry 4.0.
  7. Экономиканы дамытудың қазіргі жағдайындағы Қаржы нарығын диджитализациялау.
  8. Тауарлар мен қызметтердің өндірісі мен қауіпсіздігінің өзекті мәселелері.
  9. Қызмет көрсету, басқару, маркетинг және туризм салаларын дамыту мәселелері мен перспективалары.
  10. Қазіргі жағдайда бухгалтерлік есеп, талдау және аудит.
  11. Қоршаған ортаға әсерді экологиялық-экономикалық бағалау.
  12. Қазіргі процестерді талдау және модельдеу кезінде математикалық әдістерді қолдану.
  13. Форумның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Ақпараттық хат_9-10-сәуір-2020

http://kubolashak.kz/wp-content/uploads/2020/03/Информац-письмо_9-10-апреля-2020-КЭУК.doc

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.