Құрметті жас ғалымдар, магистранттар, студенттер мен оқушылар!
Рудный индустриалды институты 2020 жылғы 23-24 сәуірде Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған “Туған өлке – жас ұрпақтың барлық бастамаларының негізі” атты жас ғалымдардың, магистранттардың, студенттер мен оқушылардың халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференцияға қатысуға өтінімдер 2020 жылдың 11 сәуіріне дейін қабылданады.
Конференцияның мақсаты: Әбу Насыр Әл-Фараби мұрасының қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік кеңістігіндегі рөлін анықтау, Әбу Насыр Әл-Фараби ілімдерінің әлемдік өркениет контекстіндегі әлеуетін және оның әртүрлі дәуірдегі адамдардың, соның ішінде үшінші мыңжылдықтағы адамдардың дүниетанымына әсерін талдау.
Конференцияның міндеттері:
білім беру мекемелерінің магистранттарын, студенттері мен оқушыларын ғылыми қызметке тарту;
шығармашылық қабілеттер мен танымдық қызығушылықты дамыту, өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру;
жастардың туған өлкеге деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін, патриоттық сезімдерін, тарихи санасын, әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру.
http://kubolashak.kz/wp-content/uploads/2020/03/РИИ-Информационное-письмо_2020рус.docx