«Абай мұрасы және ұлттық руханият мәселелері»

Yessenov University Сіздерді «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілетін Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай мұрасы және ұлттық руханият мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырады.
Өтетін уақыты: 24 сәуір 2020 жыл
Өтетін орны: Ақтау қ., 32 шағын аудан, Yessenov University
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Негізгі мақсаты: Абай мұраларының жаһандық өркениет кеңістігіндегі орны мен оның адамзаттың рухани дамуына өзіндік ықпалын қазіргі ғылыми парадигмада зерделеу.

Түскен материалдар конференцияға дейін жинақ болып басылады. Конференцияның жинағына баяндаманы енгізу үшін баяндама мәтіні, тіркеу жарнасын төлеу туралы түбіртектердің көшірмелері (2000 теңге көлемінде) ұйымдастыру комитетіне электронды нұсқада тапсырылады. Электрондық нұсқада баяндамалар 2020 жылдың 25 наурызына дейін қабылданады. Баяндама мәтіндерінің электрондық нұсқасы төмендегі секция жетекшілерінің электронды поштасына немесе 130000, ҚР Ақтау қаласы, 32 шағын аудан, Yessenov University, ГО 203 каб, ақпарат телефоны: +7 (7292) 42-57-42, 8 (7292) 42-57-95. Конференция жұмысы туралы ақпарат: Ғылым және кәсіпкерлік бөлімі, 12-04 каб. Ақпарат телефондары: +7(7292) 42-02-29, +7(7292) 42-57-80.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.