2025 жылғы 28 ақпанда «Bolashaq» академиясында Академияның 30 жылдығына орайластырылған (халықаралық қатысумен) студенттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдардың Республикалық ғылыми-практикалық «Жастар және қазіргі заманауи әлемдегі мәселелер» конференциясы өтті.



Конференция ғылым мен қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға, пікір алмасуға және Қазақстан мен шетел мемлекеттері арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға арналған дәстүрлі алаңға айналды.
Құттықтау сөздерімен келесі тұлғалар сөз сөйледі:
Жакулаев Адил Мұратұлы – стратегиялық даму жөніндегі проректор, PhD докторы

Асакаева Дана Саламатовна – ғылыми жұмыс және халықаралық байланыс жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты

Мажитов Арафат Азаматович – «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты Қарағанды облыстық филиалының төрағасы

Райымбеков Рахат Ардақұлы – Қарағанды қалалық Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары

Қалмағамбетова Айгүл Хамзеевна – Қарағанды облысының білім басқармасы Психологиялық қолдау орталығының жетекшісі

Конференция барысында жас зерттеушілер қазіргі ғылымның өзекті мәселелеріне арналған 165-тен астам ғылыми жұмысты ұсынды.
Пленарлық отырыста «Bolashaq» академиясының жас зерттеушілері және Академияның әлеуметтік серіктестері атынан келесі баяндамашылар сөз сөйледі:
1. Кадрин Тілеген Берекеұлы – «Bolashaq» академиясының «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті;
2. Сефа Башымоглу – жас ғалым, Кастамону университетінің магистранты (Кастамону, Түркия);
3. Толонбаева Мээрримгуль Руслановна – Орталық Азия халықаралық медицина университетінің 3-курс студенті (Манас, Қырғыз Республикасы);
4. Каманова Айгүл Асетовна – Астана медицина университетінің 1-курс магистранты;
5. Таран Артем Сергеевич – «Bolashaq» академиясының 1-курс студенті;
6. Шитова Екатерина Андреевна – «Bolashaq» академиясының 1-курс магистранты.






Конференция аясында Академияның негізгі дайындық бағыттарын қамтитын 7 тақырыптық секция жұмыс істеді. Бұл қатысушыларға зерттеліп отырған мәселелерді тереңірек талқылауға және болашағы зор ғылыми шешімдерді қарастыруға мүмкіндік берді.
1-секция. «Bolashaq» — менің академиям, менің ғылымым, менің тарихым
Төраға: PhD докторы, ғылым және халықаралық байланыс басқармасының жетекшісі Хасенов Болат Рашидович



2-секция. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін дамыту перспективалары. Қаржылық тәуекелдерді басқару және бизнесті құқықтық қорғау
Төраға: заң ғылымдарының кандидаты, профессор Кабжанов Ақылбек Тайбулатұлы


3-секция. Үздіксіз білім беру жағдайында тәрбиелеу, оқыту және тұлғаны дамыту процестерін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудегі инновациялық тәсілдер
Төраға: психология ғылымдарының кандидаты, доцент Абдрахманова Алуа Сабитовна


4-секция. Қазақ филологиясы: бүгіні мен болашағы
Төраға: филология ғылымдарының докторы, профессор Әбдуов Мұхаммадғали Ілиясұлы


5-секция. Тілдерді білу — мәдениетаралық коммуникацияның негізі
Төраға: PhD, доцент Газиханова Жанар Газизовна


6-секция. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері
Төраға: т.ғ.к., профессор Шащанова Майра Балиевна



7-секция. Қазіргі даму кезеңіндегі химия-фармацевтикалық және биологиялық-медициналық ғылымдардың өзекті мәселелері
Төраға: фармация бойынша PhD докторы Тулебаев Ерболат Абибиллаевич




Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды, ал 40-тан астам автор ғылым мен инновациялық ойлауды дамытуға қосқан үлесі үшін дипломдармен марапатталды.
Конференцияның барлық қатысушылары мен серіктестеріне ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз!