«Bolashaq» – менің академиям, менің ғылымым, менің тарихым» №1 секциялық отырысын өткізу туралы есеп

«Bolashaq» академиясының 30 жылдығына арналған (халықаралық қатысумен) студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы аясында 2026 жылғы 27 ақпанда №1 секциялық отырыс – «Bolashaq» – менің академиям, менің ғылымым, менің тарихым» өткізілді.

Секция жұмысы барысында студенттер мен оқытушылар дайындаған 6 ғылыми мақала ұсынылды. Баяндамалар тақырыбы Академияның қалыптасуы мен даму тарихын, білім алушылардың жеке оқу тәжірибесін, сондай-ақ Академияның студенттердің кәсіби құзыреттіліктері мен тұлғалық әлеуетін қалыптастырудағы рөлін қамтыды.

Қатысушылар құрамы «Құқықтану», «Фармация», «Педагогика және психология» білім беру бағдарламаларының 5 студентінен, КГКП «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының 1 тәрбиешісінен және «Bolashaq» Жоғары колледжінің 1 оқытушысынан тұрды.

Ұсынылған жұмыстардың ұйымдар бойынша бөлінісі төмендегідей болды:

– «Bolashaq» академиясы – 4 мақала;

– КГКП «Айгөлек» бөбекжай-бақшасы – 1 мақала;

– «Bolashaq» Жоғары колледжі – 1 мақала.

Секциялық отырыс барысында офлайн форматта ұсынылған 3 баяндама тыңдалды. Сонымен қатар, қатысушылардың бірі конференцияның пленарлық отырысында баяндама жасады.

Ғылыми пікірталас пен талқылау нәтижелері бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын – Алябьева В., «Bolashaq» академиясының студенті.

2 орын – Ким В.А., «Bolashaq» Жоғары колледжінің оқытушысы; Оразғали А., «Bolashaq» академиясының студенті.

3 орын – Кадрин Т.Б., «Bolashaq» академиясының студенті; Альжапарова Д., КГКП «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі; Қалкенова А.Е., Керімбай Д.Ғ., «Bolashaq» академиясының студенттері.

Аталған секцияны өткізу «Bolashaq» академиясының 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған маңызды іс-шаралардың бірі болды және оқу орнының ғылым мен білімді дамытуға, сондай-ақ өңір жастарының кәсіби қалыптасуына қосқан үлесін зерделеуге мүмкіндік берді. Ұсынылған зерттеулер академиялық дәстүрдің сабақтастығын айқындап, білім беру кеңістігінің тұрақты дамуын көрсетті. Алдағы уақытта секция тақырыбын Академияның инновациялық дамуы, білім беру үдерісін цифрландыру, академиялық ұтқырлық пен халықаралық ынтымақтастық мәселелерімен толықтыру орынды болмақ. Бұл ғылыми талдауды тереңдетуге және Академияның білім беру кеңістігін одан әрі стратегиялық тұрғыда дамыту бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.