Жаңаарқа ауданы мектептерінің оқушыларымен кәсіби бағдарлау жұмыстары

Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі. Осыған байланысты қазіргі уақытта кәсіби бағдарлау жұмыстары ерекше маңызға ие. Жастардың қабілеттері мен қызығушылықтарын ескере отырып, олардың кәсіби бағыт-бағдарын айқындауға көмектесу – білім беру ұйымдарының басты міндеттерінің бірі болып табылады.


Осы мақсатта «Bolashaq» академиясының педагогика кафедрасының оқытушылары Жаңаарқа ауданы мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Іс-сапар барысында оқушылармен белсенді байланыс орнатылып, олардың болашақ мамандық таңдауы жөніндегі сұрақтарына кеңінен жауап берілді.
Кәсіби бағдарлау жұмыстары келесі білім беру ұйымдарында өткізілді:
• №1 мектеп-лицейі
• А. Сейдімбек атындағы орта мектеп
• Б. Амалбеков атындағы тірек мектеп
• Е. Шаханов атындағы тірек мектеп
• О. Жұмабеков атындағы тірек мектеп
• С. Сейфуллин атындағы орта мектеп
Екі күндік жұмыс сапары аясында оқытушылар оқушыларға академия туралы, білім беру бағдарламалары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, студенттік өмір, академияның материалдық-техникалық базасы және түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді. Сонымен қатар, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі жан-жақты жауаптар ұсынылды.


Кездесу барысында болашақ талапкерлердің академия өмірімен жақынырақ танысуы үшін «Bolashaq» академиясының ресми сайты мен кафедраның Instagram желісіндегі ресми парақшасында талапкерлерге арналған өзекті ақпараттар үнемі жаңартылып отыратыны айтылып, оқушылар осы ақпараттық ресурстарға жазылуға шақырылды.


Жүргізілген кәсіби бағдарлау кездесулері оқушылардың мамандық таңдауға деген қызығушылығын арттырып, олардың болашақ кәсіби бағыттарын саналы түрде айқындауына ықпал етті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.