2026 жылдың 30 қаңтарында Қарағанды қаласы білім бөлімінің «№66 мектеп-лицейі» КММ-де жоспарға сәйкес «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өткізілді.

Кездесу барысында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушылары Н.К. Касетова мен Қ.Қ. Жанузахова оқушыларға «Bolashaq» Академиясы туралы толық ақпарат берді. Академияда жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары, қабылдау талаптары, мамандық түрлері, оқу үдерісінің ерекшеліктері, студенттерге жасалатын мүмкіндіктер мен жеңілдіктер туралы жан-жақты мәлімет ұсынылды.

Оқушыларға түрлі мамандықтар туралы ақпарат беріліп, олардың ерекшеліктері, артықшылықтары мен қойылатын талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие заманауи мамандықтар туралы мәлімет ұсынылып, кәсіптік бағдарға арналған бейнероликтер көрсетілді. Оқушылар өздерінің болашақ мамандықтары туралы ойларымен бөлісіп, сұрақ-жауап форматында пікір алмасты.

Сонымен қатар оқушыларға болашақ мамандықты таңдауда жеке қызығушылықтары мен қабілеттерін ескеру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарға назар аудару қажеттігі түсіндірілді. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауаптар алды.