«Сот саласының қызметкері» тақырыбындағы кездесу

2026 жылғы 20 ақпанда ҚР Сот әкімшілігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті өкілдерімен «Сот саласының қызметкері» тақырыбында маңызды кездесу Қарағанды облыстық соты ғимаратында өткізілді. Іс-шараның мақсаты – студенттерге сот жүйесіндегі мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерін түсіндіру, болашақ заңгерлердің кәсіби бағдарын айқындау және теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру болды.

Кездесуге Bolashaq Академиясы Құқықтану білім беру бағдарламасының Ю-23-2 және Ю-24-2 топтарының студенттері кафедраның аға оқытушылары Нуртаева Д.Б. және Алтайбаева Г.М. жетекшілігімен қатысты. Іс-шара барысында сот әкімшілігі органдарының құзыреті, негізгі функциялары, сот жүйесіндегі мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері, кәсіби этика мен жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды.

Кездесу барысында Қызылов Мирлан Ахмедиевич сөз сөйлеп, сот органдарындағы қызметтің қоғам үшін маңыздылығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, ол болашақ заңгерлер үшін сот саласындағы кәсіби даму мүмкіндіктері, мемлекеттік қызметке орналасу талаптары және кәсіби әдеп қағидаттарының мәні туралы мазмұнды ақпарат ұсынды. Спикер сот жүйесінде қызмет ету жоғары жауапкершілік пен адалдықты талап ететінін атап өтті.

Кездесу соңында студенттерге сот отырысы залдарына, мәжіліс залдарына және сот мұражайына экскурсия ұйымдастырылып, сот жүйесінің құрылымы мен жұмыс барысымен танысуға мүмкіндік берілді. Бұл шара студенттердің практикалық білімін кеңейтіп, кәсіби қызығушылығын арттырды.

Қорытындылай келе, аталған кездесу студенттердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға, сот саласының қызметін тереңірек түсінуге және теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға зор ықпал етті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.