2025 жылдың 8 желтоқсанда кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі», «Шетел тілі мұғалімі» мамандықтарының түлектерімен кездесу өткізді.

Кездесуге «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Б.А. Абылбаева және «Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасының аға оқытушысы М.К. Абдрешева қатысты.


Студенттерге біздің ЖОО-ның негізгі бәсекелестік артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, оқыту нысандары және оқу ақысын төлеудің икемді жүйесі туралы ақпарат берілді. Колледж студенттері оқуға түсу шарттарына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. «Bolashaq» Академиясының ғылым және білім саласындағы жетістіктері, жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыратыны, сондай-ақ дуалды білім беруді енгізіп отырғаны туралы мәлімет алды.


Өткізілген іс-шара «Bolashaq» Академиясы мен Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастықты жалғастыруға және болашақ студенттердің кәсіби мүмкіндіктері жөнінде оң көзқарас қалыптастыруға ықпал етті. Кездесу жылы әрі нәтижелі атмосферада өтіп, түлектердің кәсіби өзін-өзі анықтауында кәсіби бағдар жұмысының маңыздылығын айқындады.