«Bolashaq» академиясында емтихан апталығы басталды. Бұл — тек білімді сынайтын кезең ғана емес, сонымен қатар әр студенттің академиялық адалдығы мен жеке жауапкершілігін көрсететін маңызды уақыт. Осыған орай, академия бойынша Студенттік омбудсмен — Құқықтану білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Тілеген Берекеұлы студенттерге емтиханға кіру тәртібі, академиялық адалдық принциптері туралы ақпарат […]
Monthly Archives: Желтоқсан 2025
2025 жылғы 12 желтоқсанда сағат 14:00-де Шет тілдер және мәдениаралық коммуникация кафедрасының тәрбие жұмысы жоспары аясында «Negotiation Skills» дебат клубының кезекті отырысы онлайн форматта (Zoom платформасы) өткізілді. Оған «Шет тілі: екі шет тілі» білім бағдарламасының студенттері қатысты. Шараның мақсаты – студенттердің сыни тұрғыдан ойлау, коммуникативтік және дәлелдемелік дағдыларын дамыту, сондай-ақ […]
2025 жылғы 11 желтоқсанда ПМНО-23-2 тобында «Математика оқыту әдістемесі» пәні бойынша курстық жұмыстарды қорытындылау және қорғау өтті. Қорытынды қорғау барысында студенттер өздерінің курстық зерттеулерін таныстырып, сәтті қорғады. Академияның оқу жоспарына сәйкес ПМНО-23-2 тобының студенттері «Математика оқыту әдістемесі» пәні бойынша курстық жұмыстарын ресми түрде қорғады. Аталған іс-шара кафедраның ғылыми-әдістемелік жұмысының маңызды […]
Бүгін шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының гимназия №1-дегі филиалында «Using AI Tools in Speaking Practice» тақырыбында бірлескен ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинар гимназия мұғалімдері мен Академия оқытушыларының тәжірибе алмасуына және білім беру үдерісіне жасанды интеллект құралдарын тиімді енгізу жолдарын талқылауға арналды. Семинар спикерлері – кафедраның аға оқытушылары Альжанова А.Ы. және […]
2025 жылғы 11 желтоқсанда педагогика кафедрасының эдвайзерлері Шутенова С.С. және Тажинин А.М. «Педагогика және психология» (ПиП-24-1, ПиП-25-1) және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» (ПМНО-24-1, ПМНО-25-1) білім бағдарламаларының студенттерімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ашық кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты – студенттерде патриоттық сана қалыптастыру, ел тарихына құрмет көрсету және […]
EDP Hub халықаралық баспасы IPR MEDIA-мен бірлесіп оқытушылардың, сондай-ақ ғылыми, оқу және оқу-әдістемелік басылымдар авторларының кәсіби құзыреттерін арттыруға бағытталған оқыту вебинарларының циклін өткізуде. Бағдарлама білім беру материалдарын дайындаудың заманауи талаптарына, сондай-ақ баспа ісінде жасанды интеллектті қолдану мәселелеріне арналған лекциялар топтамасын қамтиды. Бүгін, 11 желтоқсанда Алматы уақыты бойынша сағат 15:00-де аталған […]
В центре обсуждения — внутренняя гармония личности, искренность и развитие на основе ценностей. Через призму творчества и жизненных принципов казахских мыслителей участники рассматривали природу личностной целостности. Гульзат Сағатова: Жусупбек Аймауытов — яркий пример целостной личности.Доклад был посвящён анализу его творческого и гражданского пути как отражения глубоких ценностных ориентиров. Акбота Сыдых: […]
2025 жылдың 10 желтоқсанында «№66 мектеп-лицейінде» КММ 10 және 11 сынып оқушыларымен «Мен мамандықтар әлемінде» тақырыбында кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Кездесуді педагогика кафедрасының аға оқытушылары А.К.Шегай мен Г.С.Махмутова жүргізді. «Қызығушылық картасы» интерактиві барысында оқушылар өз қызығушылықтарын анықтау үшін қысқа жаттығу орындады: олар болашақта өздерін қызықтыратын қызмет салаларын таңдады (педагогика, […]
2025 жылғы 9 желтоқсанда «Bolashaq» Академиясының «Педагогика» кафедрасының магистрі, аға оқутушысы Сабира Сартаевна Шутенова 2 курсстуденттері, яғниПиП-24-2, ПМНО-24-2, К-24-1, ИН-24-2 топтарында «Педагогика» пәнінен «Балаларды тәрбиелеу бойынша мектеп пен отбасының жұмысы» тақырыбында ашық практикалық-семинар сабағын өткізді. Семинардың мақсаты – қазіргі білім беру кеңістігінде отбасы мен мектептің өзара байланысын жетілдіру, баланың […]
«Шет тілдер және мәдениаралық коммуникация» кафедрасының студенттері «Глобальная научная инициатива» ғылыми порталы ұйымдастырған Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Конференция гуманитарлық және әлеуметтік-педагогикалық ғылымдар саласында ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсынған әртүрлі елдердің жас зерттеушілерін, оқытушылар мен ғалымдарды біріктірді. Ғылыми жұмыстарды конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен Ин-23-1 тобының студенті Науменко Полина (ғылыми […]
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Ин-25-1к және 2к топтарының студенттері Карл Саганның соңғы кітабы «Мир, полный демонов. Наука – как свеча во тьме» атты шығармасын талқылады. Студенттер ғылым әлеміне терең бойлап, НЛО, Атлантида, креационизм және астрология туралы мифтерді талқылады. Саганның әр эссе-хикаясы күрделі идеяларды қолжетімді тілмен аша отырып, сыни тұрғыдан […]
2025 жылғы 10 желтоқсанда педагогика кафедрасының өкілдері С.С. Шутенова және А.М. Тажинин Қарағанды қаласындағы «№86 жалпы орта мектебі» КММ-да 11-сынып оқушылары (қазақ және орыс тілдерінде оқитын) арасында кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізді. Іс-шара аясында қонақтар жоғары сынып оқушыларымен болашақ мамандықты саналы түрде таңдау маңыздылығын талқылады. Кәсіби өзін-өзі анықтау – өмірлік бағыт пен […]
Кәсіптік бағдар беру және имиджді насихаттау жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 9 желтоқсанында Қарағанды орблыстық жоғары медициналық колледжінде фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы К.С. Темирееваның ұйымдастыруымен кәсіптік бағдар беру бойынша кездесу өтті. Іс-шара барысында студенттерге «Bolashaq» Академиясында ұсынылатын барлық мамандықтар және негізгі қабылдау ережелері туралы жалпы ақпарат берілді. Қатысушыларға Академия туралы […]
Ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және академиялық белсенділікті арттыру мақсатында «Шет тілдер және мәдениаралық коммуникация» кафедрасының магистранттары халықаралық ғылыми конкурстар мен конференцияларға қатысып, зерттеу дайындығының жоғары деңгейін және академиялық құзыреттерін көрсетті. II Халықаралық ғылыми жұмыстар конкурсы «Ғылым және инновациялар» қорытындысы бойынша кафедра магистранттары ғылыми жетекшісі, PhD доктор, доцент, кафедра меңгерушісі Газиханова Жанар […]
Тәрбие және әлеуметтік, ғылыми жұмыс жоспары аясында 2025 жылдың 9 желтоқсанында фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушылары Н.Б. Темиреева мен К.С. Темиреева «Тұмау мен ЖРВИ алдын алу: менің денсаулығым менің қолымда» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізді. Іс-шараны Қарағанды медициналық университетінің жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы, педиатр, жұқпалы аурулар […]