Заң пәндері кафедрасы өз әріптесін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізген «ЖОО үздік оқытушысы 2020» байқауындағы жеңісімен құттықтайды. Қазіргі таңда Айтұған Жұмахметқызы – «Үздік оқытушы» атағына ие болған кафедраның үшінші оқытушысы (2007 жылы профессор Сыздык Б. К., 2015 жылы профессор Кабжанов А.Т.) Қолдау үшін ұжымға шын жүректен алғыс айтамыз! […]
Daily Archives: 25.01.2021
2021 жылдың 21 қаңтарында Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасы жанындағы ресурстық Тіл орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес «Қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру» тақырыбында үгіт-насихат жұмысы ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру болды. Іс-шараға спикер ретінде Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, «Bolashaq» академиясының […]
Заң пәндері кафедрасының доценті Әбдіжәми Айтуған Жұмахметқызын «ЖОО үздік оқытушысы – 2020» байқауындағы жеңісімен құттықтаймыз! «ЖОО үздік оқытушысы» атағына еліміздің 48 ЖОО-нан 150 адам ие болды. Конкурс жеңімпаздарына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және біліктілігін арттыру мақсатында әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өту мүмкіндігі беріледі. Байқауға Республиканың 73 жоғары оқу орнынан 623 үміткер […]