‘Рухани келісім күніне арналған мерекелік концертке ’ 21.10.2024 күні Bolashaq академиясының фм 23-2 тобының студенттері Сарсенбаева Зарина және Икрамова Гулбану қатысты.
Концерт барысында Қарағанды облысының рухани бірлестіктерінің өкілдері музыкалық нөмірлерімен және құттықтау сөздерімен өнер көрсетті. Мерекелік қойылымдар қоғамдағы өзара түсіністік, құрмет және төзімділік тақырыптарын қозғап, осы мерекенің Қазақстан халқы үшін маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараның соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларды Рухани келісім күнімен және алдағы Қазақстан Республикасы күнімен шын жүректен құттықтады. Студенттер мен оқытушылар елінің мәдени көптүрлілігі мен өзара құрметіне деген мақтаныш сезімін сезініп қайтты. Концерт қатысушылардың жүрегінде рухани ортақтық пен жарқын болашаққа деген үміт сезімін қалдырды.