Қазіргі болып жатқан төтенше жағдайды барлығымыз түсініп отырмыз. Сол себепті еліміздің барлық білім беру салалары осындай жағдайды ескере отырып,оқушылар мен студенттердің оқуына жағдай жасап, қашықтықтан оқытуға мәжбүр болып отыр. Бұл процесті біз жақсы қабылдадық. Осыған орай диплом жұмысын онлайн арқылы қорғаудың тиімді екендігін түсіндім. «Қазақ тілі мен әдебиеті » білім беру бағдарламасының 3-курс бітіруші түлегі ретінде мен,Муханова Гульнар Аманжоловқызы «Bolashak» академиясының ректоры,профессор Құралбай Несіпбекұлы Меңлібаевқа және кафедра оқытушыларына,оның ішінде Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі,профессор Құрманғазы Зәкірұлы Сембиевке және куратор Райхан Налжігітқызы Исмайловаға ерекше ықыласымды білдіргім келеді. Интернет платформаларын тиімді қолдануға бағыт-бағдар көрсетіп отырған Мемлекеттік қорытынды аттестация комиссиясының техникалық хатшысы Аяулым Мейрамқызы Баймамыровағада алғысымыз шексіз!
Отбастарыңызға амандық,бастарыңызға саулық,елімізге тыныштық тілеймін! Шығармашылық ізденістер мен ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін.
Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты бойымыздағы табандылық, шыдамдылық сияқты қасиеттерді танытып «BIZBIRGEMIZ» дегім келеді.
Ізгі ниетпен: «Қазақ тілі мен әдебиеті » білім беру бағдарламасының 3-курс бітіруші түлегі Г.А.Муханова