ПІКІР

«Bolashaq» Академиясынның ректоры, профессор

Құралбай Несіпбекұлы Меңлібаевқа

6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2019-2020 оқу жылындағы

диплом жұмысын онлайн қорғауы бойынша қысқаша

ПІКІР

«Bolashaq» академиясы 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша 2-3 жылдық сырттай оқу бөлімін бітіруші студенттердің диплом жұмысын қорғау үдерісі елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты онлайн режімінде өтті.

6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша диплом жұмысын жалпы 26 бітіруші түлек қорғады.

Диплом жұмысы тақырыбының көпшілігі бүгінгі білім талаптарымен толықтай үйлеседі, яғни қазақ жазуын латын графикасына көшіру, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы негізінде, «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар бағдарламасы» аясындағы идея мазмұнына сай алынған.

«Bolashaq» академиясында онлайн үлгісінде диплом жұмысын қорғау жақсы жолға қойылғаны байқалады, яғни жетекші пікірі, жұмыс қорытындысы бойынша сырттан берілетін сын пікір, нормалық бақылау парағы, жұмыстың антиплагиат бағдарламасынан өткені туралы құжаттар талапқа сай келеді.

Бакалаврлық диплом жұмысына берілген сын пікірден жұмыспен толық танысқаны байқалады, сын пікір беруші онда жұмыстың тақырып мазмұнына сай орындалып, қойылатын талапқай сай жазылғанын, мәселені талдап, дұрыс саралай алғанын атап өтеді.

Сондай-ақ мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мүшелері мен ғылыми жетекшілері де өздеріне жүктелген жұмысты үлкен жауапкершілікпен сезінді. Диплом жұмысының кемшіліксіз қорғалуына қызығушылық танытып, студенттердің белсенділігін арттыруға ықпал етті. Кафедра оқытушыларының, соның ішінде топ кураторының да корпоративтік рухы, жұмыс барысындағы ынтымақтастығы, бірлікті қарым-қатынасы айқын көрінді.

Сонымен қатар бітірушілердің де өз тақырыбына деген ынтасы, оны айқын әрі нақты түрде жеткізсем деген талап-жігері де қорғау үстінде айрықша сезілді. Студенттер онлайн режімін жақсы

меңгерген және дайындықтары жоғары деңгейде. Бакалаврлық диплом жұмысына қатысты қойылған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды, сапалы жауап берді. Бакалаврлық диплом жұмыстары оқу үдерісіне енгізіліп, өздері сабақ беретін сыныпта пайдаланылған, тақырыбы бойынша көрсетілген таныстырылым (презентация) слайды талапқа сай безендірілген.

Жұмысын үздік қорғап, белсенділігімен көзге түскен студенттерге алда магистратураға түсуге кеңес берілді. Мәселен, қорғау барысында ерекшеленген мынадай дипломшыларды атап өтуге болады: Азимбеков Б., Аймағамбетова А., Амантаева А., Иманбекова Б., Муханова Г., Сексенова З. Байжуманова А. т.б.

Жалпы, онлайн режімінде диплом жұмысын қорғату анау айтқандай қиындық туғызған жоқ, қайта студенттердің монитор алдында қысылмай еркін сөйлеп, ой-пікірін сасқалақтамай жүйелі түрде жеткізуге тырысқанын байқадық.

Сондықтан онлайн режімінде басқа да жұмыс түрлерін (дәріс, семинар, СОӨЖ, конференция, практика қорытындысын шығару т.б.) өзінің тиімділігін көрсетті. Мұндай үдерісті белсенді түрде қолға алып, ары қарай да жетілдіруді ұсынамын.

6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша мемлекеттік аттестациялық қорытындылау комиссиясы төрағасы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік Университеті филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Бектұрсын Аманқұлұлы Қалиев