Пікір

А. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, «Абайтану және ұлттық руханият ғылыми-зерттеу орталығының» жетекшісі, филология ғылымдарыныц докторы Пангереев Абат Шамұлы К-16 оқу тобына 2019 жылдың 11 қарашасы мен 26 қарашасы аралығында «Абайтану» пәнінен дәріс оқыды.

Дәріс өте жоғары деңгейде өтті. Абайға қатысты мол мағлұмат, құнды деректер алдық. Дәріс оқу барысында бізді толғандырып жүрген сұрақтарымызға тұщымды жауап алдық. Өз арамызда пікірталас ұйымдастыра отырып, өз ойларымызды ортаға салдық.

Дәріскер «Бабалар ізімен» атты ғылыми-танымдық экспедиция жайлы өте маңызды, қызықты мәліметтермен бөлісті. Аталмыш экспедиция Ақтөбе қаласынан бастау алып, Павлодар, Қарқаралы, Жидебай жерлерін аралап, хәкім Абайдың тағылымы мол мұраларын насихаттауға арналғанын айта кетті. Ұлттық құндылықтарды ұрпаққа ұлықтаудағы бұл дәрістің берері мол болды. Олай деудің де сақадай себебі бар. Дәстүрлі, монотонды дәрістермен емес, презентация, видеоларды көрсетіп, заманауи технологияларды шебер қолданып, барлығымызды ұйыта білді.

«Абай – дария, мен одан шөмішпен қалқып алдым», – деген Мұхтар Әуезовтің сөзі орынды айтылғанын осы дәрісте көзіміз жетті.

Абат ағай, осындай қызықты дәрісіңізбен бізге білім дәнін егіп, ой-өрісімізді кеңейтуге ықпал жасағаныңызға мың да бір алғыс!

К-16-1 оқу тобының студенттері