2025 жылғы желтоқсан айында Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының студенттері ағылшын тілі бойынша II Халықаралық олимпиадаға қатысты. Олимпиаданы Франциск Скорина атындағы Гомель мемлекеттік университеті (Беларусь Республикасы, Гомель қ.) ұйымдастырды. Аталған олимпиадаға кафедрадан 25-тен астам студенттің қатысуы студенттердің кафедраның ғылыми-зерттеу қызметіне жоғары деңгейде тартылғанын көрсетеді.


Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылар тілдік даярлықтың және мәдениетаралық құзыреттіліктің жоғары деңгейін көрсетті, бұл I және II дәрежелі дипломдармен расталды.
I дәрежелі дипломмен Ғазиханова Жанар Ғазизовнаның ғылыми жетекшілігімен Науменко Полина Константиновна марапатталды.
II дәрежелі дипломмен Ермек Толғанай Алмасовнаның ғылыми жетекшілігімен Нахметдинова Рамина Руслановна марапатталды.
Алынған нәтижелер білім алушылардың жоғары деңгейін, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмысының тиімділігін айқын дәлелдейді. Осындай халықаралық іс-шараларға қатысу студенттердің кәсіби және коммуникативтік құзыреттерін дамытуға ықпал етеді. Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы білім алушылар мен олардың ғылыми жетекшілеріне академияны халықаралық ғылыми алаңдарда лайықты таныстырғаны үшін алғыс білдіріп, алдағы кәсіби және ғылыми қызметтеріне табыс тілейді.