Түлектерді жұмысқа орналастыруды сүйемелдеу бойынша
іс-шаралар жоспары
Мақсаты: “Bolashaq” академиясының түлектерін жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу.
Міндеттері:
1. Түлектердің жұмысқа орналасу деңгейін арттыру.
2. Еңбек нарығындағы жағдай туралы түлектердің хабардар болу деңгейін арттыру.
3. Жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бағыты бойынша білім беру ұйымдарымен іскерлік байланыстарды кеңейту.
№ р/с | Іс-шаралар атауы | Іске асыру мерзімі | Жауапты |
1 | Түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі. | Бір жылдың ішінде | Голомазова Е.А. |
2 | Түлектер үшін әлеуметтік серіктес ретінде әрекет ететін білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық. | Бір жылдың ішінде | Храпченкова Н.И., Жанысбаева Р.М. |
3 | Кәсіби бағыт мәселелері бойынша түлектерге сауалнама жүргізу. | Жылына 1 рет | Голомазова Е.А. |
4 | Түлектер үшін бос орындар банкін өзектендіру. | Бір жылдың ішінде | Түлектер қауымдастығы |
5 | Бос жұмыс орындары туралы ақпаратты “Bolashaq” академиясының сайтында, әлеуметтік желілердің ресми топтарында, түлектерге арналған білім беру ұйымдарының басқа ресурстарында орналастыру. | Бір жылдың ішінде | Түлектер қауымдастығы |
6 | Түлектерді даярлау сапасы туралы жұмыс берушілерден пікірлер жинау. | Мамыр – маусым | Куратор-эдвайзерлер |
7 | Жұмыс берушілерді білім беру процесіне қатысуға тарту (дәрістер оқу, семинарлар, мастер-кластар өткізу және т.б.). | Бір жылдың ішінде | Жанысбаева Р.М. |
8 | Түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдесу (жұмыс берушілермен байланыс, хат алмасу, бос жұмыс орындарын жинау). | Қыркүйек – мамыр | Куратор-эдвайзерлер |
9 | “Болашақ маманы: тиімді оқыту және табысты жұмысқа орналастыру” семинарын ұйымдастыру және өткізу. | Қыркүйек – мамыр | Голомазова Е.А. |
10 | Оқу үдерісі барысында 6В01201 “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” білім беру бағдарламасының білім алушыларының жұмыс тәжірибесін алуы үшін жағдай жасау, | Бір жылдың ішінде | Куратор-эдвайзерлер |
11 | “Түлектердің еңбек ету қабілетін бағалаудың жаңа критерийлері” дөңгелек үстелін өткізу. | Мамыр | Храпченкова Н.И., Жанысбаева Р.М. |
12 | Түлектермен ақпараттық кездесулер өткізу. | Бір жылдың ішінде | Храпченкова Н.И., Голомазова Е.А. |
13 | Өзін-өзі таныстыру, түйіндеме жасау және орналастыру мәселелері бойынша жеке консультациялар ұйымдастыру және өткізу. Түлектерді психологиялық қолдау. | Бір жылдың ішінде | Куратор-эдвайзерлер |
14 | Түлектерді одан әрі кәсіби білім алу мүмкіндігі туралы хабардар ету (жеке білім беру траекториясын құру). | Бір жылдың ішінде | Куратор-эдвайзерлер |
15 | Түлектің кәсіби дамуының жеке перспективалық жоспарын құру бойынша консультациялар ұйымдастыру және өткізу. | Бір жылдың ішінде | Куратор-эдвайзерлер |
16 | Бітіруші топ студенттерінің, түлектердің қалыптасқан мамандармен кездесулерін ұйымдастыру және өткізу. | Ақпан – мамыр | Храпченкова Н.И., Жанысбаева Р.М., Голомазова Е.А. |
17 | Бітіруші топ студенттерінің, түлектердің кәсіби дағдылары мен біліктілігін дамытуға бағытталған іс-шараларды (семинарлар, дөңгелек үстел) ұйымдастыру және өткізу. | Бір жылдың ішінде | Куратор-эдвайзерлер |
ДОВ кафедрасының меңгерушісі Н.И. Храпченкова
Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша жауапты Е.А. Голомазова