Құралбай Несіпбекұлы Меңлібаев

«Bolashaq» Академиясы» Жеке меншік мекемесінің ректоры

Білімі:

жоғары, философия ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстанның Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі

Кәсіби қызметі:

Жалпы еңбек өтілі – 45 жыл;

Педагогикалық еңбек өтілі – 45 жыл;

Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі – 11 жыл.

1974-1978 жж. – Қарағанды педагогиалық дене тәрбиесі институтыныңәлеуметтік педагогика факультетінің дене тәрбиесі оқытушысы;

1982-1983 жж. – Қарағанды педагогикалық институтта аға оқытушы;

1983-1995 жж. – Қарағанды педагогикалық институттың жүзу және ЕҚД кафедрасының меңгерушісі;

1995-1996 жж. – Қарағанды педагогикалық институттың бастауыш әскери даярлық факультетінің деканы;

1996-2004 жж. – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті әлеуметтік жұмыс факультетінің деканы;

2004-2009 жж. – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқу-әдістемелік бірлестігі бойынша проректор;

2009-2011 жж. – «Қарағанды «Болашақ» университеті ЖММ-нің перспективалық даму бойынша проректоры;

2011-2013 жж. – «Қарағанды «Болашақ» университеті ЖММ-нің ,ылыми жұмыстар бойынша проректоры;

2013 жылдан – «Bolashaq» Академиясы ЖММ-нің ректоры.

Ғылыми еңбектері:

Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлы 40 жылға жуық ғылыми және педагогикалық қызметпен айналысады. Отандық және шетелдік ғалымдар арасында беделі жоғары, жастардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді түрде ынталандырады, студенттерді елдегі орын алған саяси және экономикалық өзгерістерде сұранысқа ие өнімді нәтижелерге қол жеткізуге үнемі баулиды. Қ.Н. Меңлібаевтың көптеген шәкірттері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мақтау қағаздарымен және дипломдарымен марапатталған. Ғалым Қ.Н. Меңлібаев 90-нан астам авторлық ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде мынадай монографиялар мен оқулықтар да бар:

  • Ұлт дәстүрі – Қазына;
  • Проблемы профессиональной подготовки и патриотического воспитания молодежи;
  • Мониторинг физического развития и физической подготовленности обучающихся допризывного возраста.

Также ряд работ опубликованы с грифом (рекомендацией) МОН РК:

  • Социальная работа: теория и технологии;
  • Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс;
  • Социально-педагогические аспекты межэтнической адаптации молодежи;
  • Роль национальных традиций в формировании и развитие патриотизма;
  • Тәуелсіз Қазақстанның рухани құндылықтары: тарих және қазіргі заман (2020);
  • Роль высшей школы в формировании гражданской идентичности молодежи (2020);
  • Қазақстандық жастардың азаматтық бірегейлігі. (2021)

Қоғамдық жұмысы:

Оның тікелей басшылығымен «Әлеуметтік жұмыс» (1997, 2001, 2004, 2006), «Әлеуметтік педагогика» (1997, 2001) және «Бастапқы әскери дайындық» мамандықтары бойынша әрі «Бастапқы әскери дайындық» (2006 ж.) әрі магистратураның «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» (2008 ж.) мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпығы міндетті білім беру стандарттарын жасалған.

Осы жылдар аралығында ректор Қ.Н. Меңлібаев біліктілігін арттырумен үнемі айналысты. Бірнеше рет Тәуелсіз Қазақстандық білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттігінде, 2010-2011 жж. – Түркия, 2013 ж. – Үндістан, 2016 ж. – Қытай және Ресей шет елдерде білімін жетілдірілді.

Қазақстан Республикасы Ректорлар кеңесінің және Орталық Қазақстан өңірі ректорлары кеңесінің мүшесі.

Марапаттары:

  • 1989 жылы  социалистік жарыстың жеңімпазы атанған және Қарағанды облысының Құрмет тақтасына енгізілген;
  • «КСРО Азаматтық қорғанысының үздігі» төсбелгісімен марапатталған;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен мараптталған;
  • «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған (2002);
  • Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласы әкімдерінің құрмет грамоталарымен марапатталған;
  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған (2016);
  • «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталған (2018).