2024 жылғы 21 қарашада “Педагогика” кафедрасының эдвайзерлері Қосманова А.Б., Жапанова Р.Н., Есмагулова А.А., Мекадилова С.К. студенттерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Жемқорлыққа жол жоқ» атты кураторлық сағаты өткізілді. Тақырып аясында сыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатынын және оның кеселі біздің мемлекетіміздің әлеуметтік дамуын тежейтінін айтты. Сондай-ақ, жас ұрпақ үшін сыбайлас жемқорлық болашаққа балта шабатын қауіп екенін айтып өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта студенттерге жан-жақты мәлімет бере отырып, одан сақтану жолдарын, алдына алу мәселелерін қарастыруға мүмкіндік болды. Кураторлық сағатта студенттердің ой-өрісін дамытып, өмірде өзіндік орнын табуға, еліміздің патриоты болуға, адал ұрпақ даярлауға көмек көрсету мақсатында бейне материалдар көрсетілді.
Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күрестін бір күш болуы қажет. Жемқорлық жай құқық бұзушылық емес. Біздің түпкі мақсатымыз жемқорлықты жою, заңнамаларды жетілдіру арқылы жемқорлықпен күресті күшейту.