11.11.24 күні К-22-1 тобының студенті Сембек Назерке мен топ кураторы Қ.Қ.Жанузахова «Буллинг және Кибербуллинг» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Кураторлық сағаттың мақсаты: «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту;
Студенттер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу;
Ең алдымен буллинг ұғымына тоқтала кетсек.Буллинг (bullying-ағылшын тілінен аударылғанда -қорқыту) яғни,адамды қорлау, мазақ ету, ар-намысын таптау және кемсіту.
Қазіргі кезде бұл проблема өте ауқымды. Буллингтің бірнеше түрлері бар.Олар:дінге қатысты буллинг (біреуді дініне немесе нанымына байланысты қорлау), расисттік буллинг (біреудің нәсіліне, түсіне жағымсыз сөздер айту), кибербуллинг (адамды әлеуметтік желіде қудалау).
Буллинг онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады.
Бұл адамды өзіне қол жұмсауға дейін апарады. Қазақстанда бұл проблема жоқ деп айта алмаймыз.Керсінше,бұл проблема өте ауқымды.Әсіресе,жастар арасында.Бұрынғы сөзбен айтқанда ‘’дедовщина’’.Ұрып-соғып ақша жинау, адамның статусына қарай қорлау, киген киіміне тиісу және т.б