Бүгін Қарағанды қаласының №14 гимназиясында жоғары сынып оқушыларымен “ЗАҢ МЕН ТӘРТІП” тақырыбында кездесу өтті. Іс-шара ағарту пулының спикері Ботагөз Ахметованың қатысуымен өтті.
Кездесудің ерекшелігі оның интерактивті форматында болды — форум-театр және кері диалог. Орта мектеп оқушылары талқылауға белсенді қатысып, этикалық дилеммаларға байланысты нақты өмірлік жағдайларды талдап, оларды шешудің жолдарын іздеді. Бұл тәсіл оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыруға, заң мен әділеттілік қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын түсінуге ықпал етті.
Кездесу жастарды белсенді азаматтық ұстанымға тәрбиелеудегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жеке жауапкершілікті түсінудегі маңызды қадам болды.