2026 жылғы 13 ақпанда «Ойталқы» ток-шоуының «Жаңа Конституция жобасы» тақырыбындағы жаңа шығарылымы өтті.

Бағдарлама аясында азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, билік тармақтарының теңгерімі, әділетті сот жүйесі және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері кеңінен талқыланды.
Аталған қоғамдық-сараптамалық пікірталасқа құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Қабжанов Ақылбек Тайбулатович спикер ретінде қатысты.
Профессор талқылау барысында жаңа Конституция жобасының құқықтық аспектілерін жан-жақты саралап, заң саласына қатысты маңызды мәселелер бойынша кәсіби пікір білдірді. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап беріп, мазмұнды ойларымен бөлісті. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ұйымдастырушылар спикердің белсенділігі мен кәсібилігіне ризашылықтарын білдірді