2025 жылғы 24-25 сәуірде Құқықтық және қаржылық пәндері кафедрасында 4 курс студенттерінің диплом алдындағы қорғауы өтті. Бұл іс-шара оқу процесінде алынған теориялық білім мен практикалық дағдыларды көрсетудің маңызды кезеңі болып саналады.


Диплом алдындағы қорғау барысында студенттер өздерінің ғылыми жобаларын ұсынды, зерттеу жұмыстарының нәтижелерін айтты және комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Комиссия құрамына кафедра оқытушылары мен тәжірибелі мамандар кірді. Қорғау процесінде студенттердің кәсіби дайындық деңгейі, олардың зерттеу дағдылары және өз ойларын сауатты жеткізе білуі жоғары бағаланды.



Іс-шара жоғары деңгейде өтті және студенттердің көпшілігі оңды нәтижелер көрсетті. Бұл олардың алдағы қорытынды аттестаттауға дайындығын растады.

Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасы өз студенттеріне қорытынды аттестаттауда табыс тілейді!