25 сәуірде аралас форматта «ОРЫС ТІЛІ: ТҰЛҒА, МӘДЕНИЕТ, МАМАНДЫҚ» ХХVII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖОО АРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өтті. Ұйымдастырушы – Ресей Халықтар Достығы университеті, Ресей, Мәскеу. Конференцияға Орыс тілі институты, Медицина институты, университеттің Аграрлық-технологиялық институты қатысты.

Пленарлық отырыста «Bolashaq» Академиясынан педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Bolashaq» Академиясының Ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Асакаева Дана Саламатқызы («Bolashaq» Академиясы, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы) және «Bolashaq» Академиясының Гуманитарлық педагогика орталығының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Педагогика» кафедрасының доценті Бокижанова Ғалия Қасқарбекқызы («Bolashaq» Академиясы, Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы) құттықтау сөз сөйледі.

43 баяндама мәлімделді. Фармацевтикалық пәндер кафедрасынан конференцияға қатысқандар:
Қарабаева Гүлнұр (Фм 23-2, «Bolashaq» Академиясы; жетекшісі- фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушы. К.С. Теміреева) «Қазақстандағы өмірлік маңызды дәрілік заттардың тапшылығы: себептерін, салдарын және жою әдістерін талдау» тақырыбымен;

Оразғали Айжан (ФМ 22-1; жетекшісі Пахомова Д. К. – фармацевтикалық пәндер кафедрасы меңгерушісі, м.ғ.к., доцент) «Фармацевтикалық қызметкердің мінез-құлқының деонтологиялық нормалары мен критерийлері» тақырыбымен;

Тұрсынова Айым (ФМ 23-1; жетекшісі Болдыш С.К., фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті, «Фармацевтика эволюциясы дәстүрлі дәріханалардан онлайн платформаларға» тақырыбымен.
Конференция жоғары деңгейде өтті. Баяндамалар үлкен қызығушылық тудырды. Ұйымдастырушылар қатысушылардың ғылыми бастамаларына сәттілік тіледі.