«Толғауы тоқсан қызыл тіл» кездесу өтті

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қызметкерлері Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына байланысты 2025 жылдың 25 сәуірі күні филология ғылымдарының докторы Мұхаммадғали Ілиясұлы Әбдуовпен «Толғауы тоқсан қызыл тіл» тақырыбына орай кездесу өткізді.

Кездесуде хакімнің «Болыс болдым мінеки», «Әсемпаз болма әрнеге » тәрізді бірнеше өлеңдері мен қара сөздеріне тоқталып, маңызы, тәрбиелік мәні айтылды. Соңында департамент қызметкерлері ой-пікірлерімен бөлісті. Департамент басшысы Перов Сергей Николаевич үлкен ризашылығын айтып, алғыс білдірді. Кездесуге басшының орынбасарлары Арыстанбеков Асет Ақытұлы, Қошанов Ержан Жұмабекұлы, Буржаев Қанат Хабибуллович және мекеме қызметкерлері қатысты. Кездесуді жауапты қызметкер Абильдина Гүлжан Болатқызы жүргізді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.