Бүгін біздің оқу орнымызда Тілдер күніне орай студенттер арасында зияткерлік сайыс өтті.

Бұл сайыс — тек білім жарысы ғана емес, ұлт рухын, тілге деген құрметті дәріптейтін тағылымды бастама болды.

Сонымен қатар, ұлт ұстазы, қоғам қайраткері, тіл туының тұғыры Ахмет Байтұрсынұлының туған күні де елеусіз қалмады. Ойын арасында Ахмет Байтұрсынглының өлеңін «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының студенті Аманжол Іңкәр оқып берді.
Зияткерлік ойын 3 кезеңен тұрып, әр кезеңнің сұрақтарының күрделілік деңгейі артып отырды.
Студенттердің әр жауаптары- ізденіс пен еңбектің жемісі. Сайысымыз білім мен зерденің шынайы көрінісіне айналды. Қатысушыларымыздың тапқырлығы мен зияткерлік ұтқырлығы баршамызды тәнті етті.



Сайыс нәтижелері бойынша:
Бас жүлде- «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы «Қазына» тобы
1 орын- «Педагогика» кафедрасы «Сөз дариясы»
2 орын- «Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация» кафедрасы «Lingvo» тобы
3 орын- «Құқықтық және қаржылық пәндер» кафедрасы «Әділет» тобы
3 орын- «Фармацевтикалық пәндер» кафедрасы «Bolashaq» тобы иеленді.






Студенттеріміз өз білімін ғана емес, сөзге шешендік, логикалық ойлау мен топтық ынтымақтастықтарын да көрсете білді.
Осындай рухани бай, білімге құштар жастар барда – тіліміздің тұғыры биік болары анық!

Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!