Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, 13 желтоқсан күні фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Темиреева Күмісжан Слямгазиновна ФМ 23-2 тобына ашық кураторлық сағат өткізді. Куратор сағатына кафедра меңгерушісі Пахомова Д.К және оқытушылар мен студенттер қатысты.
Іс-шара барысында студенттерге тәуелсіздік тарихы мен оның маңыздылығы жайлы мазмұнды ақпарат ұсынылды. ФМ 23-2 тобының студенті Икрамова Гулбану Қазақстан Республикасының Тәуелсіздікке қалай қол жеткізгені туралы және желтоқсан оқиғасының құрбандары жайлы презентация дайындады. Арнайы дайындалған видеороликтер арқылы тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы тарихи оқиғалар мен ұлы тұлғалардың еңбектері баяндалды.
Шараның негізгі мақсаты – студенттердің Отанға деген патриоттық сезімін оятып, ел тарихына деген құрметін арттыру және өткенге құрметпен еске алу арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу болды. Іс-шара студенттердің белсенді қатысуымен қызықты әрі танымды өтті.
Бұл кураторлық сағат жастардың ұлттық рухын көтеруге және тарихи санасын қалыптастыруға өз үлесін қосты.
Кураторлық ашық сағатты қорытындылай келе медицина ғылымның кандиданты, доцент Блялов С. А. жастарға «Қазақстанның болашағы жастардың қолында. Сіздердің алып жатқан білімдеріңіз бәсекеге қабілетті, жоғары деңгейде болуы керек. Тәуелсіз мемлекетіміздің жастарының рухы биік, таным көкжиегі кең, тәрбие мен мәдениеті жоғары деңгейде болуы қажет.» деп айтып өтті.
Топ кураторы Темиреева К.С. ашық кураторлық сабақты қорытындылай келе: «Тәуелсіздік – бізге ата-бабаларымыздың аманаты. Оның қадірін түсініп, білім алып, ел игілігі үшін аянбай еңбек ету – сіздердің басты міндеттеріңіз.» деген тәлімдік сөздермен аяқтады.