Тәрбие және әлеуметтік, ғылыми жұмыс жоспары аясында 2025 жылдың 9 желтоқсанында фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушылары Н.Б. Темиреева мен К.С. Темиреева «Тұмау мен ЖРВИ алдын алу: менің денсаулығым менің қолымда» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізді.


Іс-шараны Қарағанды медициналық университетінің жұқпалы аурулар және фтизиатрия кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы, педиатр, жұқпалы аурулар жөніндегі маман Розалия Хасановна Бегайдарова жүргізді.
Семинар барысында Розалия Хасановна еліміздегі және әлемдегі тұмау мен ЖРВИ эпидемиологиялық жағдайы туралы ағымдағы деректерді ұсынды.


Іс-шараға «Фармация» білім беру бағдарламасының білім алушылары, фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары және «Bolashaq» Академиясы медициналық пунктінің дәрігері Светлана Геральдовна Куур қатысты.
