Студенттік өзін-өзі басқару күні

«Bolashaq» Академиясында Халықаралық студенттер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Студенттер ректор, проректор, кафедра меңгерушілері мен бөлім басшыларының рөлін орындап, басқару үдерісін тәжірибе жүзінде сезініп көрді. Өзін-өзі басқару күні олардың көшбасшылық қабілетін дамытып, академиялық менеджменттің жауапкершілігін терең түсінуге мүмкіндік берді.

Іс-шара концерттік бағдарламамен және Академия ректоры атынан республикалық «Stud Fest – 2025» байқауының белсенді қатысушыларын марапаттаумен қорытындыланды. «Bolashaq» Академиясының студенттері әрдайым жоғары нәтиже көрсетіп, Академияның мақтанышына айналып келеді.

Барлық студенттерді мерекемен құттықтай отырып, шабыт, сенімділік және жаңа жетістіктер тілейміз. «Bolashaq» Академиясы өз студенттерінің бастамашылдығы мен талантына әрдайым қуанады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.