Тренинг Саран қ.гуманитарлық – техникалық колледжі мен Шахтинск қ. технологиялық колледжінің студенттері үшін өткізілді.Спикерлер ретінде біздің студенттер : Гартман Зинаида, Шитова Екатерина, Оразкенов Әмірхан және Терещенко Владлен сөз сөйледі.
Іс-шара студенттерге оқу процесінде және жеке өмірде туындайтын стрессті жеңуге көмектесу мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу барысында стрессті басқарудың әртүрлі әдістері мен стратегиялары қарастырылды. Студенттердің алдында әртүрлі мақсаттар тұрды:
- Студенттерге стрессті жеңу әдістерін үйрету.
- Тәжірибе алмасу үшін кеңістік жасау.
- Психикалық денсаулықтың маңызды аспектілері туралы хабардар болу деңгейін арттыру..
Іс-шара төмендегідей түрде жалғасты:
- Топтық талқылаулар.
- Практикалық жаттығулар
Сөйлеуде көтерілген негізгі тақырыптар:
- Студенттердегі стресстің себептері
- Әлеуметтік өзара әрекеттесу.
- Университеттік қолдау қызметтерінің рөлі.
Қатысушылар стрессті басқарудың пайдалы жақтарынан құлағдар болып, жаңа мәліметтер алғанын атап өтті.
Көптеген адамдар жеке әңгімелерімен бөлісті, бұл сенім атмосферасын құруға ықпал етті.
Практикалық жаттығуларға қатысу алған білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік берді. Іс-шара маңызды тақырыпты талқылау және тәжірибе алмасу үшін пайдалы алаңға айналды.