26 мамыр күні педагогика кафедрасының аға оқытушылары Жапанова Р.Н., Мекадилова С.К. 6В01101-«Педагогика және психология», «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттерімен педагогикалық практиканың (үздіксіз) қорытынды конференциясын өткізді.

Педагогикалық практиканы (үздіксіз) 13-қаңтар мен 16-мамыр аралығында ПМНО-22-2 топ студенттері М.Жұмабаев атындағы гимназияда, ПиП-22-2 топ студенті Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясында өтті.
Практиканың мақсаты нақты қызмет жағдайында кәсіби позицияны сынақтан өткізу болып табылады: оқу-тәрбие процесі мен білім беру ортасын жобалау, іске асыру және бағалау саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру. Білім беру ұйымдарында педагогикалық қызметтің практикалық дағдылары мен іскерлігін игеру, кәсіби қызмет саласында құзыреттіліктерді, сондай-ақ дербес кәсіби қызмет тәжірибесін қалыптастыру.


Педагогикалық практиканың ерекшелігі студенттер білім беру мекемесінде педагогикалық жұмыстың барлық ерекшеліктерімен терең танысады, тәрбиелік іс-шара жүргізеді, оқытушылардың сабақтарына қатысады және талдайды, оқу пәндерінен сабақтар өткізеді
Қорытынды коференцияда студенттер практика барысында өте көптеген жаңашылдыққа үйренгендерін, үлкен тәжірибе жинақтағандарын сеніммен айта кетті. Конференция барысында студенттер өздерінің практикадан өткен жұмыстарын көрсетіп, есеп берді.

Студенттер өздерін педагог ретінде сезініп, оқу пәндері бойынша сабақтар, тренинг элементтері араласқан ойындар, психокоррекциялық жұмыстар мен бақылаулар жүргізіп, тәрбиелік мәні бар сынып сағаттары мен ашық сабақтар өткізіп мол тәжірибе жинақтады.
Конференция соңында қатысушы маман мен оқытушылар тарапынан қосымша сұрақтар қойылып, студенттердің практикалық есептері талқыланды.