«Нашақорлық токсикомания»

2025 жылғы 30 қазанында  Фармацевтикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы  Темиреева Н.Б. Фм-23-2 топ студенттерімен «Нашақорлық токсикомания» атты кураторлық  сағат өткізді. Кураторлық сағатқа Темиреева К.С қатысты. Кураторлық  сағаттың негізгі  мақсаты:

 1. Нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек  өмірлеріне келтірер кесапаты  туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту.

2.Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты  өмір   сүруге тәрбиелеу.  Нашақорлықтың алдын алу.

3.Студенттердің  бойында салауатты  өмір  салтын  берік  қалыптастыру, жеке тұлғаның   санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.

Күн тәртібінде талқыланған мәселе бойынша  оқытушысы  Темиреева Н.Б. есірткінің зияны, денсаулыққа қатері, яғни есірткі жүйке жүйесін бұзатындығы, жүрек ауруларын тудыратындығы және иммунитетті әлсірететіндігі туралы айтып өтті.. Оқытушы есірткіні тұрақты түрде қолдану өлімге әкелуі мүмкін екенін түсіндіріп,зиянды нәрселерден аулақ болуға шақырды.

Іс-шара барысында Фм-23-2 топ студенттері Икрамова Гулбану өз ой-пікірлерін білдіріп: Нашақорлық адамзатқа берілген ең ауыр жаза. Нашақорлық-өзін-өзі өлтірудің ең баяу тәсілі, өз бойында өмірді, ерікті, ақылды, қабілетті саналы, ерікті түрде бұзу деп айта кетті.

Қорытынды сөз: Бұл өткізіліп отырған кураторлық сағатымыз  сіздерді нашақорлыққа қарсы күресте белсенді болуға шақырады. Нашақорлықтың зияны туралы ақпарат таратайық, тәуелді адамдарға көмектесіңіз. Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу – біздің қолымызда, өйткені біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын таза, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты перзентіміз… Ойланайық! Санамызға сала пайымдайық! Нашақорлыққа ымырасыз болуға шақырамын барлықтарыңызды!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.