Болашақ фармацевттерге арналған өндірістік тәжірибе

15.12.2025-02.01.2026 жж. Аралғында «Фармация» білім беру бағдарламасының 5 курс күндізгі және 3 курс қысқартылған күндізгі оқу бөлімінің студенттері «Фитохимия ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ (Қарағанды қ.) дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау бойынша өндірістік тәжірибеден өтті. Тәжірибені химия ғылымдарының кандидаты, доцент О.А. Сиволобова және аға оқытушы Д.С. Тутай жетекшілігімен өтті.

Тәжірибе мақсаты студенттерге дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттаудың, заманауи әдістерін, зертханалық жабдықтарды пайдалануды, GLP және GMP принциптерін және аналитикалық құжаттама процедураларын үйрету болды.

«Фитохимия» ҒӨО» АҚ – бірегейлі фитопрепараттарды әзірлеу және өндіру саласындағы Қазақстандағы жетекші ғылыми-өндірістік орталық. Компания 1000-нан астам табиғи қосылыстарды бөліп алып, анықтады, 2000-нан астам туындыларды синтездеді және 70-тен астам бірегейлі дәрілік заттарды өндіріп шығарды, соның ішінде Экдифит (адаптогендік және анаболикалық препарат) және Арглабин (иммуномодуляциялық әсері бар ісікке қарсы препарат) сияқты танымал дәрілер де бар.

Тәжірибе барысында ҚР Парламенті Сенатының өкілдерінің аталған кәсіпорынға келуі «Фитохимия ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ-ның жетекші ғылыми-өндірістік платформа ретіндегі жоғары мәртебесін және отандық фармацевтика өнеркәсібін дамытудың маңыздылығын атап өтті.

«Bolashaq» Академиясы «Фитохимия» ғылыми-өндірістік орталығы» АҚ-мен 3 жылдан астам уақыт бойы табысты ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді, сенімді мүдделі стейкхолдер, аймақтық жұмыс беруші және студенттер үшін практикалық дайындықтың тұрақты базасы болып табылады. Біздің ұйымдар арасындағы келісім мерзімінің 2025 жылы ұзаруы бұл ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді және тұрақты сипатын растайды.

Тәжірибеде студенттерге құнды практикалық тәжірибе жинауға және фармацевтика саласындағы болашақ мансап үшін қажетті кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға мүмкіндік берді. «Фитохимия» ҒӨО» АҚ-мен ынтымақтастық Қазақстан Республикасының фармацевтика ғылымы мен денсаулық сақтау жүйесін дамытуға нақты үлес қоса алатын жоғары білікті мамандарды даярлауға ықпал етеді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.