2024 жылдың 11 қыркүйегінде Академия дәрігері С.Г. Куур студенттермен ЖРВИ, тұмау, короновирустық инфекцияның алдын алу туралы әңгімелесті.
Барлық вирустық аурулар ауа тамшылары, яғни ауа арқылы, әсіресе адам жөтелгенде немесе түшкіргенде таралады. Сілекей мен қақырық тамшылары қоршаған заттарға қонатындығын ескерсек, сіз, тұрмыстық заттар, есік тұтқалары, қоғамдық көліктегі тұтқалар арқылы жұқтырып аласыз.
Жыл сайын, әдетте қыркүйектен бастап, оқу жылының басынан бастап вирустық инфекциялардың жиілігі артып келеді, қараша айында тұмау вирусы белсенді күйге енеді.
Эпидемия кезіндегі тәртіп ережелері.
Жеке гигиена ережелерін сақтаңыз:
-медициналық маскаларды артығымен өзіңізбен бірге алып жүріңіз, қоғамдық орындарда (автобустарда, дүкендерде, кинотеатрларда) немесе науқаспен байланыста болған кезде маска киіңіз;
-үйге оралғаннан кейін бірден қолыңызды жуыңыз;
-зарарсыздандыратын құралдармен телефон бетін, пернетақтаны, есік тұтқаларын жақсылап сүртіңіз;
-науқаспен байланыста болудан аулақ болыңыз;
-оқу бөлмелерін желдетіңіз;
-аурудың алғашқы белгілерінде үйде болыңыз, дәрігерді шақырыңыз немесе емханаға сүзгіге (фильтр) хабарласыңыз;
Тұмауға қарсы екпе алыңыз! 15 қыркүйектен бастап әрбір адам вакцинаны тіркелген жері бойынша емханадан ала алады.
Маймыл шешегі.
Маймыл шешегі – бұл жануарлар мен адамның вирус тудыратын жұқпалы ауруы.
Ол ауырсынатын бөртпе, лимфа түйіндерінің ісінуі және безгек түрінде көрінуі мүмкін.
Бұл ауру адамға инфекция жұқтырған жануардан, науқас адамнан немесе ластанған заттармен физикалық байланыстан жұғады.
Бүгінгі таңда Конго Демократиялық Республикасында маймыл шешегінің 18 мыңнан астам жағдайы тіркелді, оқшауланған жағдайлар Африканың басқа елдерінде, Еуропа елдерінде және АҚШ-та анықталды. 524 адам қайтыс болды. ДДҰ маймыл шешегінің өршуін төтенше жағдай деп жариялады. Қазақстанда бұл ауру тіркелген жоқ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР-да маймыл шешегінің әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар әзірледі.